Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шауғардағы кезекті кездесу

✅ Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Шауғар» секторында тұрғындармен кездесті.

✅ Бұл сектордың тұрғындары жыл басынан бері қала әкімінің атына 42 ұсыныс-тілегін жеткізген болатын. Қазіргі таңда, 42 мәселенің 35-і толық орындалса, 3-і іске асырылуда, ал 4 мәселе тиісті бөлімдермен заң аясында зерделенуде.

✅ «Шауғар» тұрғын алабында 27,6 шқ құрайтын 27 көше жарықтандырылды, көше жарықшамдары кезең-кезеңімен электр көзіне қосылуда. Орташа жөндеу жұмыстары 3 шақырымды құрайтын 2 көшеде жоспарланып, құрылысы басталды.

✅ Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жол (тротуар) – 16 шқ құрайтын 15 көшеде құрылысын жүргізу жоспарланып, бүгінгі күнге 4,43 шқ құрайтын 5 көшеде құрылысы аяқталды, 10 көшеде құрылыс жалғасуда.

✅ Тас төсеу жұмыстары – ағымдағы жылы «Шауғар» тұрғын алқабына қарасты 9,2 шқ құрайтын 23 көшеге тас төселді.

✅ «Шауғарда» 2021 жылдан ауыз су желілерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Оның аяқталу мерзімі 2022 жылдың желтоқсан айы. Жобадан тыс қалған көшелерді ауыз су желісімен қамтамасыз ету үшін мердігер мекеме анықталуда.

✅ Өткен кездесулерде бірқатар көшелерге кәріз жүйесін жүргізу мәселелері көтерілген болатын. Жалпы «Шауғар» мөлтек ауданың кәріз желісімен қамтамасыз ету 3 нысанға бөлінген. Қазіргі уақытта «Ортақ», «Шауғар» сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету 1-кезек құрылысы жүргізілуде. Оның 1 нысаны қаржыландыруға ұсынылып, 1 нысан бойынша ЖСҚ-ы әзірленуде.

✅ Түркістан қаласын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, ХҚТУ, «Яссы», «Шауғар» тұрғын алқабында 10-0,4 кВ жоғары кернеулі заманауи «электр желісімен қамтамасыз ету жұмыс жобасы» іске асырылуда. Нәтижесінде замануи кабелдік жүйе іске қосылып, әр үйдің есептегіштері жаңартылады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандық Қайсар Шамшидинов қазақ күресінен «Түйе балуаны» атанды

admin

35748 әскери бөлімінің жөндеу ротасы тактикалық-арнайы жаттығу өткізді

admin

Түркістан облысында «Келес» деп аталатын жаңа көшет түрі өсіріліп жатыр

admin