8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға әлеуметтік төлем беріледі

Астанада 8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға 10 813 теңгеден беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада Халықаралық әйелдер күніне орай 37 мыңға жуық көпбалалы отбасы мен аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады. 8 наурызға орай 2,5 АЕК (10 813 теңге) көлеміндегі төлемді Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасылар мен «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған аналар, соның ішінде аз қамтылған аналар алады. Төлем Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау ережелеріне сәйкес жүргізіледі, – деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында көпбалалы аналарды қолдауға 188 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген хабарладық.
Бұл өңірде 8 наурыз қарсаңында 9 мыңнан астам көпбалалы анаға 20 мың теңгеден беріледі.




