400-ге жуық оқушы тегін мектеп тамағынан уланып қалды

Индонезияның батысындағы Бенгкулу провинциясында 400-ге жуық бала тегін мектеп асын ішкеннен кейін ауырып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі independent-ке сілтеме жасап.

Тегін тамақтандыру балалар мен жүкті әйелдер арасындағы дұрыс тамақтанбауды азайту үшін қаңтар айында іске қосылған бастама. Бірақ, осы бастамадан кейін ел аумағында бірнеше рет улану жағдайы тіркелген. Бұл президент Прабово Субиантоның басты бағдарламасына байланысты ең ірі жаппай улану оқиғасы.

Тамыз айында Орталық Явада 365 адам тегін мектеп тамағынан уланып қалды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, бұған санитария талаптарының сақталмауы себеп болған. Бенгкулуда 4 пен 12 жас аралығындағы балалар өткен бейсенбіде іштері ауырғанын айтып, жергілікті ауруханаға жеткізілген. 

Провинция вице-губернаторы Миан ауру себебін анықтау үшін тергеу жүргізілетінін хабарлады. Тексеру барысында ол асүйдің жұмысын уақытша тоқтатамыз. Әлсіз тұстарын анықтау – Ұлттық тамақтану агенттігі ( BGN) мен құзырлы органдардың міндеті, – деді ол.

Бағдарламаны жүзеге асырып отырған Ұлттық тамақтану агенттігі әзірге түсініктеме берген жоқ. Іске қосылғаннан бері тегін мектеп тамағы бағдарламасы жылдам кеңейіп, бүгінге дейін 20 миллионнан астам адамды қамтыды. Жыл соңына дейін қамту көлемін 83 миллион адамға жеткізу көзделген. Биылғы жалпы бюджеті – 171 трлн рупия ($10,52 млрд).

Тамыздағы улану жағдайында Сраген аймағының басшысы Сигит Памунгкас үкімет қажет болған жағдайда барлық медициналық емдеуге ақы төлейтінін айтқан. Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап оқушыларға пицца мен шырын берілмейтінін жазған болатынбыз.