17-19 наурыз күндері Қазақстанда аяз болады

«Қазгидромет» синоптиктері 17-19 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Республикада аязды ауа райы, жауын-шашын, көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Соған байланысты аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде термометрлер 20…28 градус аязды көрсетеді.

Болжам бойынша, елдің оңтүстік жартысына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.

Жаңбыр жауады. Кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының күндіз 0…10 градусқа дейін, түнде 0…10 градус аязға дейін төмендеуі болады.

Сонымен қатар синоптиктер республикада тұман болатынын ескертті.

ПІКІР ЖАЗУ