1000-нан астам сарбаз 300 млн теңге несиені кейін төлейтін болды

Прокуратура 1000-нан астам әскери қызметшінің құқығын қалпына келтірді. Енді сарбаздар 300 млн теңге несиені кейінірек төлейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бас әскери прокуратура мерзімді әскери қызметшілердің мыңнан астамының әскери қызмет өткеру кезеңінде кредиттік міндеттемелерін өтеуді кейінге қалдыруға қатысты құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етті.
Белгілі болғандай, мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтер алмасу мәселесінде мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасында тиісті өзара іс-қимылдың болмауына байланысты, сарбаздарға кредиттік төлемдер бойынша кейінге қалдыруды рәсімдеудің уақытылы жүргізілмеу фактілеріне жол берілген.
Әскери прокурорлардың араласуынан кейін мерзімді әскери қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, 300 млн теңгеден астам сомаға кредиттік міндеттемелерді орындау мерзімі кейінге қалдырылды. Қадағалау актісі негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен әскери қызметшілердің құқықтарын бұлжытпай сақтау бойынша тиісті жұмыс жүргізілді, деп хабарлады Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Еске салайық, бұған дейін сарбаздар кредиті бойынша төлемді кейінге қалдыра алатынын жазған болатынбыз.




