Зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған шара Бәйдібекте өтті

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен қоғамда орын алып жатқан мәселелердің бірі «Отбасындағы зорлық-зомбылықтын алдын-алу және алкоголь-көптеген қиыншылықтардың себебі» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Ауданның бас имамы Еркін Тұрғынұлы бұл шарада күндіз түні елдің тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларына деген алғысын білдіріп, отбасылық зорлық-зомбылықтың кесірі туралы айтып өтті.

Аталған шарада Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің бастығы Н.Ажибеков сөз алып, отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыда қорқып құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жататынын айтты.

Осыған сәйкес полицейлерге әйелдер мен қыздар арасында құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар аудан көлемінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың зардабын шегіп отырған қолайсыз отбасыларды «зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу» бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыруды жүктеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ