«Зорлық зомбылықсыз 16 күн!» Республикалық акциясы аясында «ашық есік» күні өтеді!

Төлеби аудандық полицейлері гендерлік саясатты нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, әйелдердің құқығын қорғау мақсатында басқа да тиісті мекемелермен бірлесіп «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша 2022 жылдың 1 желтоқсанда «АШЫҚ ЕСІК» күнін ұйымдастырады.

Алдағы күндері жалғасын табатын бұл акцияда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына жеке қабылдау жүргізіп, тегін құқықтық, психологиялық көмек көрсетіледі.

Мекен жайы: Ленгір қаласы, Жамбыл көшесі №73 үй Төлеби аудандық полиция бөлімінің азаматтарды қабылдау бөлмесінде, сағат 11-00-ден 18-00 аралығында.

Байланыс телефондары: Төлеби АПБ «Сенім» телефоны 6-16-02 немесе 102 нөмірлеріне, Төлеби АПБ-нің ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Боташева Ақмарал Амантайқызы, тел.: 8-701-560-62-01

Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызмет секторы – 8-707-552-05-42 нөмірлеріне хабарласа аласыз.

ПІКІР ЖАЗУ