Зорлық – зомбылық – қоғам қасіреті

Біздің заманауи дамыған қоғамда тұрып жатқанымызға қарамастан, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Осы орайда Созақ аудандық полиция бөлімінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тобының инспекторы Айжан Манапова аудандық “Мыңжылқы” мәдениет сарайында орналасқан балалар кітапханасында 26 кыркүйек күні “Зорлық зомбылық – қоғам қасіреті” атты кітап көрмесімен танысып, кітапхана қызметкерлеріне қоғамдағы зорлық зомбылық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты – қоғамдағы зорлық-зомбылықтың жолын кесуде халықты сауаттандыру, жәбірленушілерге ақпараттық көмек көрсету. «Заң және заман», «Заң» басылымдарындағы арнайы сала мамандарының зорлық-зомбылықты болдырмау, болған жағдайда қандай заң орындарына жүгіну қажеттілігі жөнінде мақалаларын талқылай отырып, буллингке ұшыраған жандарға көрсетілетін алғашқы көмек жайлы да мағлұматтар беріп өтті.

Балалар кітапханасының меңгерушісі Ғалия Маймақова мен кітапханашылар Гүлім Амангелді, Назерке Абдуллаева өздерінің құқтық білімдерінің жетілдіргеніне полиция инспекторына алғыс білдіріп, алдағы уақытта етене жұмыс жүргізуге уағдаласты.

 

ПІКІР ЖАЗУ