ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ТҮЛКІБАСТЫҚТАРМЕН РЕФЕРЕНДУМ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
6 мамыр күні ашылған «AMANAT» партиясы жанынан құрылған аймақтық және аумақтық штабтардың жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бүгіннің өзінде 102 іс-шара өткізіліп, кездесулерге 4438 адам қамтылды. Партия жанынан құрылған Түлкібас аудандық штабы бірнеше кездесу өткізіп, Конституциялық реформаны азаматтар арасында талқылады.
Штаб төрағасы Қ.Еркебаев, штаб мүшесі Д.Әбішев және Е.Сартбаев «Мақұлбек» шаруа қожалық ұжымымен жиын өткізді. Онда ұжымды алаңдатқан мәселелер мен алда өтетін ауқымды шараның маңыздылығы сөз болды. Ферма қожалығының қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ұстанған бағытты қолдап, өзгерістерге дайын екендерін жеткізді.
Ал «Кемербастау» және «Түлкібас» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесуге зиялы қауым өкілдері мен облыстық штаб мүшелері арнайы келді. Атап айтқанда, облыстық Қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Ж.Шәріпбеков, партия жанынан құрылған аймақтық және аумақтық штаб мүшелері Н.Байғұт, С.Таңатбаев, М.Қалтаев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері И.Тұрсұнқұлов, «Жанубий Қозоғистон» газетінің директор-редакторы Ә.Сатыбалдиев түсіндірме жұмыстарына қатысты. Елдің жаңғыратын, әр азаматтың белсенділігін таразылайтын кезеңде бірлік үлкен рөлге ие. Осы ұстанымды мақсат тұтқан жиын қатысушылары бірауыздан өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді. Олар 5 маусым күні өтетін референдумда дауыс беріп, тарихи шешімдердің қабылдануына атсалыспақ.
Ақпарат көзі: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі