Жылыту жүйесінің бөлшектерін ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Астанада ер адам жылыту жүйесінен клапандарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Нұра ауданы ПБ қызметкерлері тұрғын үй кешендерінен теңгерімдеу клапандарын ұрлаған ер адамды ұстады. Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция ер адамның жертөлеге кіріп, жылыту жүйесіне жауап беретін клапандарды ұрлап кеткені анықталды. Әрбір тұрғын үй кешенінен ол 60-қа жуық жабдықты шығарып, жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Қаскүнем ұрланған клапандарды сатып алушыға сатқаны және түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қылмыстық жолмен көрінеу өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/astanada-zhylytu-zhujesining-bolshekterin-urlap-ketken-kudikti-ustaldy/