Жыл басынан бері ерекше қажеттілігі бар 632 азамат шипажайға жолданды
Түркістан қаласында 2022 жылдың маусым айына дейін 2172 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды.Оның ішінде жәрдемақы шартты түрде – 1584, шартсыз түрде – 588 отбасыға тағайындалды.
Ал, 1-6 жас аралығындағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы – 3221 бала иеленді.Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көмектің 9 түрі көрсетіледі. Ерекше қажеттілігі бар тұрғындар сурдотехникалық, тифло техникалық, міндетті гигиеналық құралдармен қамтылады. Одан бөлек, протез-ортопедиялық көмектер көрсетілді.
Жыл басынан бері ерекше қажеттілігі бар 632 тұрғын шипажайда ем алса, 361 азаматқа жеке әлеуметтік көмекші, 83 адамға ымдау тілі маманы қызметтері көрсетілді.
Сонымен қатар, бөлімде 2 өз- өзіне қызмет көрсету бұрышы бар.Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін 7 инватакси, 2 әлеуметтік такси қызметі іске қосылған.Көрсеткіштер бойынша, инватакси қызметін 143 ерекше қажеттілігі бар тұрғын алса, әлеуметтік такси қызметіне 8 азамат жүгінген.
#Түркістан
#TurkistanLive
_____
В городе Туркестан с начала года по июнь 2172 семьи получили адресную социальную помощь.
Из них пособие назначено условно – 1584 семьям, безусловное – 588 семьям.Гарантированный социальный пакет для детей в возрасте от 1 до 6 лет получили 3221 ребенок.
В разделе «Социальные программы» оказывается 9 видов помощи. Жители с особыми потребностями обеспечиваются сурдотехническими, тифлотехническими, обязательными гигиеническими средствами. Кроме того, была оказана протезно-ортопедическая помощь.С начала года 632 жителя с особыми потребностями получили лечение в санаториях, 361 человек получили услуги индивидуального социального помощника, 83 человека-специалиста жестового языка.
Кроме того, в отделении имеется 2 уголка самообслуживания.Для граждан с особыми потребностями запущено 7 инватакси, 2 Службы социального такси.По показаниям, услугами инватакси воспользовались 143 жителя с особыми потребностями, в Службу социального такси обратились 8 граждан.