Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жыл басынан бері 16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды  qazaquni.kz

Осы жылдың басынан қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5% – Қытайдан, 6,1% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,5% басқа елдерден.  Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.  Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,1% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,4% білімі жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда төрт жолақты көшелердің саны артады

admin

Көлік полицейлері 221 есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті

admin

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызілікті қарттарға әлеуметтік қызметкерлер қомқорлық көрсетуде

admin