Журналист билік пен бұқара арасындағы көпір екенін ұмытпау керек – Бибігүл Құламан

Елордада кеше басталған Astana Media Week жалғасып жатыр. Тоғызыншы рет өтіп жатқан медиа апталықтың өзектілігі неде? Неліктен Astana Media Week-тың биылғы тақырыбы “Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы” деп аталды? Бүгінгі журналистиканың қоғамнан алар орны қандай? Бұл сауалдарға апталық алаңында құрылған BAQ.KZ-тың көшпелі студиясының қонағы, “Astana Media Week” ұйымдастыру комитетінің мүшесі Бибігүл Құламан жауап берді.
Еске салсақ, BAQ.KZ көшпелі студиясының кешегі қонағы “Қазақстан” телеарнасының директоры Болат Мүрсәлім болды. Ол BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында “Қазіргі қоғамдағы медиаэтика қағидалары қандай болуы керек? ЖИ-ды маркеровкасыз қолдану, БАҚ-та біреудің жеке өмірін жариялау медиаэтиканы бұзбай ма?” деген сұрақтарға жауап берген еді.




