Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жүк көлігі 8 жеңіл көлікті соқты

Шымкентте бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Полиция мәліметінше, Howo миксер жүк көлігі 8 жеңіл көлікті соққан.

Оқиға 26 шілдеде сағат 10:15 шамасында болған. Самал базарына қарай бағыт алған жүк көлігі Рысқұлов және Қазиев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда тоқтап тұрған 8 автокөлікті соққан.

Салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Camry көлігінің жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

ІІМ Telegram-каналындағы мәліметке сүйенсек, жүк көлігінің тежеуіші кенеттен істен шыққан екен. Ал оны тізгіндеген жүргізушінің жүк көлігін басқаруға құқығы жоқ екені анықталған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Телефонға тәуелділік: Жапонияда басы салбырап қалған жігітке күрделі ота жасалды

admin

Түркістанның тек елімізде ғана емес, Түркі мемлекеттері арасында ерекше орны бар

admin

БҰҰ басшысы сауда соғысының әлемдік экономикаға төндіретін қауіптері туралы ескертті

admin