ЖОЛДАУ: Қазақстанның саяси реформасының 4-і пакетін ұсынып отыр

Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдаулары – бұл мемлекеттің, бүкіл қоғамның дамуының стратегиялық бағыты, басты мессенджері. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуының негізгі бағыттары мен қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді айқындады.

Мемлекет басшысы бұл жолы да осыған дейінгі Жолдауында қозғалған саяси реформаларға басымдық берді. Нақты айтқанда, ол Қазақстанның саяси реформасының 4-і пакетін ұсынып отыр. Толығырақ тоқталсақ, депутаттық мандатты бөлгенде 30 пайыз квотаны әйелдер мен жастарға теңдей бөлуді заңмен бекіту міндетін қойды. Бұрын бұл талап тек партия атынан сайланған депутаттарға қатысты болған. Ендігі уақытта талап депутаттық мандатты тағайындау кезінде де ескерілетін болады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы партия атынан сайлауға түсетін кандидаттардың қатарында ерекше күтімді талап ететін жандардың болуын ұсынды.

Жолдауда айтылған маңызды тапсырмаларға назар аударғым келеді. Биыл елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін сайлау науқаны өткен болатын. Енді 2024 жылы пилоттық режимде аудан әкімдерін сайлау саяси науқанын өткізу жоспарлануда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында осыны айтты. Еліміздегі саяси реформалар жалғаса береді. Мемлекетіміздің саяси статусында өзгерістер болады. Әрине, мұның бәрі халқымызға тән ерекшеліктерді ескере отырып, жүзеге асырылады. Ауыл әкімдерін сайлау тұрғындардың демократияға деген көзқарасын айқындап берді. Аудан әкімдерін сайлау жөніндегі реформа осы көзқарасты нығайтуы тиіс.

ПІКІР ЖАЗУ