Жол ережесін бұзған 7 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Павлодар облысында биыл жол ережесін бұзған 7 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілердің де жол жүру ережелерін қатаң сақтауын талап етеміз. Жолдың кез-келген жерінен қиылысу фактілері жиі кездеседі, сонымен бірге төтенше жағдай туғызады.

– Жыл басынан бері 6699 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. ЖЖЕ-сін елемейтін бұзушыларға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырды. Бұзушы жаяу жүргіншілерге 2 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келді, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Мысалы, Торайғыров көшесінде бір жас жігіт көліктер көп жүретін жолдан өтіп бара жатқан. Жаяу жүргінші өзінің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, өтіп бара жатқан көліктерге де кедергі болды. Сол күні Академик Сәтбаев көшесіндегі жол бөлігінде осындай заң бұзушылық тіркелді. Арбасы бар әйел жолды белгіленбеген жерде кесіп өтіп, өзінің бұзушылығын түсіндіріп, аялдамаға келе жатқан автобусты көріп, үлгеру үшін жолды қысқартуға шешім қабылдаған.

– Мен үлкен тәжірибесі бар жүргізушімін, жаяу жүргіншіні өткізіп жіберу міндетім және ол үшін жол жүру ережелерінің барлық талаптарын әрқашан орындаймын. Бірақ кейбір азаматтар, тіпті балалары бар аналар да қорықпайды, егер олар балалармен бірге жолды өтіп бара жатса, онда бүкіл жүргізуші тоқтауы керек деп ойлайды. Жаяу жүргіншілер қауіпсіздік бірінші кезекте олардың қолында екенін есте ұстауы керек, – деп шағымданады жүргізуші.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/pavlodar-oblysynda-biyl-zhol-erezhesin-buzghan-7-mynggha-zhuyq-zhayau-zhurginshi-zhauapqa-tartyldy/

ПІКІР ЖАЗУ