Жол апаттарын азайтуға бағытталған шаралар қабылданып жатыр

Жол инфрақұрылымынсыз қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес. Апаттардың 84% -ы елді мекендерде орын алады. Жалпы қаза болғандардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетумен. Олар негізінен қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жарықтандырудың және тротуарлардың болмауынан қаза болуда. ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.

Талдау нәтижесінде елімізде бағдаршаммен реттелетін 600-ге жуық өткел,100 мың метрден астам жаяу жүргіншілер қоршаулары, 15 мың шақырым жарықтандыру және 60 мың шақырымға жуық тротуармен жабдықтау қажет екені анықталды.

«Тағы бір ерекше мәселе – қала маңындағы жолдар. Барлық транзиттік ағын осы жолдар арқылы өтеді. Олардың үлесіне жол апатының ауыр түрлері және адам шығынының 50%-ы тиесілі. Біз адам шығынымен болған немесе жарақат алған әрбір жол апатын талдаймыз, оның шарттары мен себептерін зерделейміз. Талдау нәтижесі біз жыл сайын көтеретін және айтатын жүйелік кемшіліктердің бар екенін көрсетеді. Барлық облыстар ортақ проблемамен сипатталады – 4 немесе одан да көп жолақтары бар 1-ші санаттағы жолдардың жеткіліксіздігі. Бұл жол қауіпсіздігіне әсер етеді, өйткені бөлу және ұстау кедергілері апат зардаптарын азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, Атырау облысында 1-ші санаттағы жолдар жоқ, Батыс Қазақстан облысында осы санаттағы қауіпсіз жолдардың ұзындығы небәрі 3 км, ал Ақтөбе облысында – 19 шақырым», – деді спикер.

Толығырақ: ortcom.kz сайтында

ПІКІР ЖАЗУ