Жоғарғы Ақсу ауылынәң әкімі тұрғындарды 25-қазан Республика күнімен құттықтады!

Құрметті Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары!

Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!

Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ – дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!

25 қазан Республика күніне орай шын жүректен шыққан ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар.

Бұл күн – ата – бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркендей берсін.

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.

Құрметпен Жоғарғы Ақсу ауыл әкімі аппараты.

ПІКІР ЖАЗУ