Жетісуда спорттық шараларға 500-ге жуық тұрғын қатысты

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығының кепілі – бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұқаралық спортты дамыту бойынша Жетісу облысында да игілікті істер қолға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Өткен жылы облыстық бұқаралық – спорттық іс-шараларды өткізу орталығы құрылған еді. Бұл күндері барлық аудан орталығында да аталмыш мекеменің филиалдары жұмыс істеді. Ал облыстағы барлық елді мекендерде арнайы штаттық кестеге орай, жоғары білімді әдіскерлер жұмыс істейді. Олар жергілікті тұрғындарды бұқаралық спортқа баулып жатыр. Облыс орталығы Талдықорған қаласында да әр сенбі сайын “Жастар” және “Жеңіс” саябақтарында спорттық шаралар өткізу бастама алды.

Облыстық бұқаралық – спорттық іс- шараларды өткізу ортылығының басшысынан бастап, барлық маманы осы спортттық шараның бас- қасында жүр. 

Сенбі таңының алғашқы спорттық шарасына 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Олар әдіскерлер көмегімен түрлі дене қыздыру жаттығуларын жасайды. Содан кейін жас мөлшерлеріне қарай спорттық жарыстарға қатысады.

Сенбі таңында осындай шара ұйымдастыруға мұрындық болған әкімдік ұжымына, спорт мамандарына алғысым шексіз, – дейді еңбек ардагері, халықаралық әдеби “Алаш” сыйлығының лауреаты, ақын Әміре Әрін.

Сонымен қоса қала тұрғыны Райхан Қапышқызы бұндай шаралардың зейнеткерлерге тигізер пайдасы көп дейді.

Сенбі-жексенбі күндері қалалықтар дем алады. Әсіресе, біз сияқты зейнеткерлерге пайдасы ұшан-теңіз шара екен, – дейді зейнеткер.

Әртүрлі спорттық сайыстарда күш сынасып, жеңімпаз атанғандар арнайы сыйлықтарға ие болды. Аталмыш шараның басты мақсаты – халық арасында бұқаралық спортты қарқынды дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтырушылар санын арттыру.

Тағы бір ерекше айтарымыз, әр сенбі сайын дәстүрге айналмақ спорттық шараға тек қана қала тұрғындары ғана емес, сондай-ақ қала қонақтары да қатыса алады. Жас мөлшерлеріне де еш шектеу жоқ.

ПІКІР ЖАЗУ