Жетісу облысында жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды

Жетісу облысында жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары соңғы екі аптадан бері жүргізілді. 15 жастағы Ақерке Жолдасова мен 16 жастағы Әмір Тергеуов Үштөбе қаласынан хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз Қаратал ауданының полицейлеріне 6 қыркүйекте жазылды.

Кәмелетке толмағандарды жаппай іздеу жұмыстарын олардың туыстары, полиция қызметкерлері жүргізді, сондай-ақ мектептің педагогикалық ұжымы мен еріктілер қосылды.

19 қыркүйекте із-түзсіз жоғалғандардың орналасқан жері анықталды. Екі мектеп оқушысы да Шымкент қаласында екені белгілі болды. Полицейлер кәмелетке толмағандарды Үштөбеге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Екі жасөспірім де аман-есен, дендері сау, – деді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Журунов.

ПІКІР ЖАЗУ