Жетісу облысында “Қазсушар” филиалы 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр
Жетісу облысы бойынша “Қазсушар” филиалы Ақсу, Алакөл, Панфилов, Көксу және Ескелді аудандарында 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл сумен қамтамасыз етілген егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуға және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда филиалдың қарамағында 4 су қоймасы бар.
Ал Қаратал ауданында суару каналдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Күшік-қалпе магистральдық каналында ұзындығы 7 шақырым учаске механикалық әдіспен тазаланып, бетондау, дәнекерлеу жұмыстары, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстар мен гидробекеттерді жөндеу жүргізілді.