Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жетісу облысында кәсіпкерлерді бопсалағандар сотталды

Жетісу облысында прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерден ақша қорқытып алушылықпен айналысқан топтың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен екі қылмыскер мүлікті өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді ҚР ҚК-нің 189 бабының 3 бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді қорқытып алушылық фактілері орын алған жағдайда құқықтарын қорғау үшін дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда салынып жатқан жаңа нысандарда петроглифтер бейнеленеді

admin

Мұнай қымбаттап, доллар арзандауда: Нарықтағы ахуал қандай?

admin

Ұстаздар ұлықталды

admin