Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жетісайда көшелерді қардан тазалау жұмыстары қарқынды

2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Жетісай ауданында қар тоқтаусыз жауды. Осыған байланысты Жетісай қаласы мен аудан аумағын қалың қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталмыш жұмыстарға 15-ке тарта түрлі техника мен 130 адам жұмылдырылған. Табиғи жағдайға байланысты жол-көлік апаттарының және түрлі дене жарақаттарының алдын алу, мұз қатуын болдырмау мақсатында көшелерге 40 тонна тұз аралас құм төселіп жатыр.

Жергілікті әкімдік қала, кент және ауылдық округ тұрғындарын, кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін өз аулаларын қардан тазартуға атсалысуға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Қала әкімі сыртқы және сәулеттік жарықтандыру жұмыстарының барысын бақылап қайтты

admin

Шымкентте қыркүйектің алғашқы күндерінен бастап әскерге шақыру басталады

admin

Республикалық «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2023» чемпионатында Түркістандық студенттер жүлдемен оралды

admin