Жетісай ауданының белсенді жастары
Бүгін, Бижанова Гүлжан Серікқызы бастаған Жетісай ауданының белсенді, талантты, оқуда озат жастары Түркістан қаласының көрікті, тарихи-мәдени орындарына экскурсия жасады.
Сондай-ақ, Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жаңа ғимаратымен танысып, өз таңданыстарын білдіріп, ән айтып, болашақтағы армандарымен бөлісіп, әңгімелесті.
Осы ретте, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Отбасы және жастармен жұмыс« бөлімінің басшысы Нүркен Бауыржанұлы жастарды озат болуға, білім алып, елімізге қызмет етуге шақырды.