Жетісай: аудан әкімі ұстаздарды құттықтады
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген көтерген кезеңнен бастап қолға алынған істің бастысы – ұрпақ тәрбиесі. Халықтың болашағы – ұрпағы десек, ұрпақтың тәрбиесі – ұстазда. Ал, ұстаздың мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу.
Уақыт үдерісінен табылып, оның адуын ағысына ілесіп, дәл осындай толқымалы кезеңде тобылғыдай тебіндеп өскен талдырмаш, таза пейілді, бүгінгі жас шәкірттердің санасын сағымдай қаптаған құйындарға шалдырмай, көзі қарақты, ойы орақты, байсалды да бауырмал етіп тәрбиелеуде, өзіндік ойы бар тұлға етіп қалыптастыруда ұстаздар қауымының еңбегі орасан. Осыншалықты үлкен жауапкершілікті мойындарына алып, күндіз-түні тынымсыз ізденіс үстінде жүретін мамандық иелерін ҰЛЫ демей не дерсің?!
Құрметті ұстаздар!
Баршаңызды «Ұстаздар күні» кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеңіс пен жеміс, отбасыларыңызға сарқылмас береке тілеймін! Шәкірттеріңіз үміттеріңізді ақтап, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Ізгі ниетпен,
Серік Үсенұлы Мамытов
Жетісай ауданының әкімі