Жеті айда Түркістан облысында 648,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Түркістан облысының 2024 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім бар. Облыста 648,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,6 % құрады.

Өңірде өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 45% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 291,9 млрд. теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі – 111,6 %, өнім көлемі 301,5 млрд. теңгеге жетіп отыр. Индустрияландыру картасы аясында өңірде өнеркәсіп әлеуетін көтеруге мүмкіндік беретін 13 жоба жоспарланған. Оның ішінде 7 жоба іске қосылды.

Биылғы 7 айда өңірде 11 571,4 мың жолаушы тасымалданды, бұл 2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 106,6%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметі 260,4 млрд. теңгені құрады. Байланыс қызметтерінің көлемі 5,6 млрд. теңгеге жетті.

2024 жылғы 1 тамыздағы көрсеткіш бойынша Түркістан облысының жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 210 мыңға жуықтады. Облыс экономикасын дамытуға 499,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128,9%-ды құрады.

2024 жылғы қаңтар – шілдеде құрылыс жұмыстарының көлемі 198,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119%-ды көрсетті. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы – 460,9 мың шаршы метр.

Биылғы 1 тамыздағы дерек бойынша облыстың кіріс көздері арқылы бюджетке нақты 143,6 млрд. теңге түсім түсті. Орындалуы – 105,4%.

Өңірде халық саны 2 150,8 мың адамды құрап, 2023 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 1,6 мың адамға немесе 1%-ға өскен.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ