ЖЕРЛЕСІМІЗ АСЫҚ АТУ СПОРТЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Жуырда Румыния елінде өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем чемпионатына еліміздің құрамасы сапында жерлесіміз Алмас Оңласынұлы қатысып, еліміздің мерейін үстем етті.
Аталған байрақты додада асық атудан да, бес асықтан да Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Қарабаев Алмас Оңласынұлы ұлттық құрама командасының капитаны ретінде келесідей жетістіктерге қол жеткізді⤵️⤵️⤵️
✅ҚР кубогының 2015, 2018, 2019 жылдардағы чемпионы, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері (2016, 2018, 2019, 2020, 2022 жж.);
✅2017 жылы Ақтөбе қаласындағы өткен VI Ақбидай ойындарының күміс жүлдегері;
✅2018 жылы Ақтау қаласында VI Халық ойындарының чемпионы;
✅2018 жылы Қырғызстан Республикасында өткен көшпенділер ойындарының қола жүлдегері;
✅2019 жылы ҚР ұлттық спорт түрлерінен V фестивалінің чемпионы;
✅2022 жылы Румыния елінде өткен Әлем кубогының жеңімпазы.
Бүгінде Қарабаев Алмас Оңласынұлының шәкірттері асық және бес асық ату спорт түрлерінен ҚР чемпионатының және ұлттық ойындарының чемпиондары, Түркістан облысының құрама командасының мүшелері.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ