Жер қойнауын заңсыз пайдалану: Түркістан облысында 164 жүк көлігі айыптұраққа қойылды

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың жүк көлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерінің алдын алып, тосқауыл қою мақсатында, облыс полицейлері тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда. Облыс әкімі Д. Сатыбалды мен полиция генерал-майоры М. Қабденов бұл шараны қатаң бақылауға алған.  Осы ретте Сауран ауданында рейд өтіп, 1 тәулікте заңсыз жер қойнауын тасымалдаудың 5 жайты анықталды. Жүк көліктері айыптұраққа қойылды. Ал құжаттар әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін экология департаментіне жолданды.

Жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері “Жер қойнауын өз бетінше пайдалану” дерегімен 4 қылмыстық іс тіркелген. Одан бөлек заңсыз жер қойнауын пайдаланудың 150 дерегі анықталып, жинақталған құжаттар “Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу” бабымен экология департаментіне жолданған. Айыптұраққа 164 жүккөлігі (92 – Хова, 72 – Камаз), 17 арнайы техника қойылған.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/zher-qojnauyn-zangsyz-pajdalanu-turkistan-oblysynda-164-zhuk-koligi-ajypturaqqa-qojyldy/

ПІКІР ЖАЗУ