Жемқорлықтың алдын алу-басты бағытымыз

Өткен аптаның бейсенбісі күні аудандық ардагерлер кеңесінің кіші мәжіліс залында Созақ аудандық қоғамдық кеңестің жанынан құрылған “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” бойынша комиссия отырысы өтті. Кеңес жұмысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Жексенбайұлы Сапаров жүргізіп отырды. Отырыс барысында Шолаққорған ауылдық округі әкімі Ә.Елібаев, Таукент кенті әкімінің міндетін атқарушы М.Ибраев, және аудан әкімі аппаратының заң бөлімі бас маманы А.Исаева 2022 жылдың 6  айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Тыңдау барысында біршама ұсыныс пікірлер айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы аясында Шолаққорған ауыл әкімдігі, Таукент кенті, Созақ ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.  Аталмыш құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған.

Созақ ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі комиссия құрылып, ережесі бекітілген. 05.05.2022 жылы аталған  комиссияның құрамы мен мүшелігіне аудан әкімдігінің қаулысымен өзгерістер енгізіліп, 18.05.2022 жылы мәслихат сессиясында бекітілді.

Созақ ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның  2022 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудан азаматтарының мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында арнайы ақпараттық жадынамалар ауылдық округтері мен кенттеріндегі адамдар көп жиналатын орындарға, орталық көшелерге және т.б. орындарға, 24 баннерлер ілінген. «Созақ үні» газетіне түрлі тақырыптарда 38 мақалалар және ауылдық округтерімен кенттерінің сенімді телефондары жарияланып отыр.

Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен  Таукент кент әкімі аппараты мәжіліс залында  25 жас мамандар және әртүрлі мамандардың қатысуымен жиын өткен.

«Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында 27 жас тұлғалардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылған.

Жастардың бойында адалдық парасаттылық құндылықтарды қалыптастыру үшін мекеме жастары арасында кіші футболдан жарыс өтіп, ол жарысқа 30-дан астам жастар қамтылған.

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын насихаттау мақсатында 10 ауылдық округтері мен 2 кенттер әкімдігінде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын ауыл тұрғындарының арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп әлеуметтік желіге, яғни фейсбукға жарияланған.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қалыптастыру мақсатында 2021 жылы ауданда 10 ауылдық округтері мен 2 кенттері әкімшіліктерінде “Сервистік аймақ ” (Service zone) жобасы енгізілді. Сервистік  аймақтарында (Service zone) тұрғындар үшін баршаға қолжетімді тегін (Wi-Fi) мен стационарлы телефон орнатылып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді еркін алу үшін компьютер мен принтер қойылған. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұр.

Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасарының тапсырмасымен Созақ ауданы әкімдігінің ғимаратында 2021 жылдың сәуір айында «Адал көмек» бұрыштары ашылып, келген азаматтарға құқықтық кеңес берілуде.

Қазіргі таңда осы 2022 жылдың 13 шілде айынан бастап «Адал көмек» бағытында  ар аптаның сәрсенбі күні кесте түзіліп, фейсбукка жарияланып,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша, яғни түрлі салаға байланысты аудан көлемі бойынша халыққа  түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылуда. Бұл іс-шара қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2022 жылға арнап комиссия жанынан құрылған жұмысшы тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды аудан әкімінің өкіммен бекітілген кестеге сәйкес ауылдық округтері мен кенттер әкімдігіне, дербес бөлімдерге, ай сайын жүргізіп отыр.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында нормативтік құқықтық актілерінен, яғни бөлім басшысымен қабылданған бұйрықтар мен әкімнің құқықтық актілерін заң талабына сай тексеріліп, анықтама түзілуде.

Қоғамдық кеңес отырысында өз тараптары бойынша қоғамдық кеңес төрағасы Мұрат Сапаров, мүшелері Ролан Әлжанов, Төлепберген Бекқұлиев, Батырхан Аяпов, Сержан Бегманұлы белсенділік танытты.

Атқарылып жатқан жұмыстар барысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық белгілері, құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзу фактілері орын алмаған. Міне, осы жайлар қоғамдық кеңесте тағы бір сараланып, алдағы күндерге айқын бағыттар мен байыпты шараларды қолға алу міндеті межеленді.

ПІКІР ЖАЗУ