Жеке құрам заң мен тәртіптің сақталуы бойынша маңызды шараға қатысты
Түркістан облысы Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында ауқымды жиын өтті. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңдары мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» сақталуы бағытында құқықтық түсіндірме жұмысы жүргізіліп, таныстырылды.
Жиын төрағасы полиция полковнигі М. Асқаров: «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру баршамыздың міндетіміз.
Жемқорлыққа жол бермеу, жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде біздің тарапымыздан арнайы іс-шаралар үнемі өткізіліп, күнделікті жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан әрқайсыңыз заңға сәйкес әрекет етіп қандай да бір құқық бұзушылыққа жол бермеңіздер!»-деп атап өтті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі