Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жеке кәсіпкер 70 оқушыны мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етті

 

Киелі Түлкібас өңірінде тағыда бір игі шара орын алды.

Өтегенов Азамат есімді жеке кәсіпкер Балықты, Арыс ауылдық округтері мен өзінің кіндік қаны тамған ауылы Қараағашты елді мекеніндегі 70 мұқтаж және асыраушысынан айырылған отбасы мен көпбалалы отбасындағы балаларға жалпы сомасы 2 млн. 500 мың теңгеге мектепке қажетті киім-кешек пен құрал-сайман үлестірді.

Айта кетерлік, бүгінде Түлкібас ауданында 700-ге жуық оқушыға «Мектепке жол» акциясы шеңберінде кәсіпкерлер, мекеме басшылары, әкімдік қызметкерлері мен депутаттар тарапынан демеушілік қолдау көрсетіліп отыр.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

На стабилизацию продовольственного рынка в Алматы направили 12 млрд тенге

admin

Жоғалған қыз бір күннен кейін табылды

admin

Шымкент: күрделі ота сәтті жасалды

admin