Жедел-профилактикалық шаралар жалғасын табуда

Қазығұрт аудандық полиция бөлімі тарапынан жұма сенбі және жексенбі күндері аудан аумағында «Бір нүктелік» және «Құқықтық тәртіп» іс шарасы жүргізілуде.

Рейдтік іс-шараның мақсаты қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстың алдын алу, жасөспірімдер мен оларға қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау.

Шара барысында 12 автокөлік айыптұраққа қойылып әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар 13 ке жуық жасөспірімдердің ата-аналарына түнгі мезгілде жүргені үшін айыппұл салынды және 150-ге тарта құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Қоғам тыныштығы – адам тыныштығы екенін ұмытпайық!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ