Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

ЖБО камералары арқылы мас жүргізуші анықталды

Қарағандыда ЖБО камералары арқылы мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түнгі сағат 2:00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасы, жедел басқару орталығының инспекторы қала көшелерінің бірінде жол жүру ережесін өрескел бұзып келе жатқан автокөлікті байқаған. Аталған оқиға бойынша бірден патрульдік полиция полкінің жасағына хабарлама беріліп, олар бірнеше минут өткен соң көлікті 26 жастағы азаматтың басқаруында тоқтатты. Жүргізушіні тәртіп сақшылары медициналық куәландырудан өткізіп, оның мас күйде көлік басқарғанын анықтады. Тексеріс барысында ұсталған азаматтың бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qaraghandyda-zhbo-kameralary-arqyly-mas-zhurgizushi-anyqtaldy/

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық кеңес өтуде

admin

Экопарк, спорт және мәдениет: Бурабай ауданы қалай дамып келеді

admin

Назарбаева мен Құлыбаевтың мүліктеріне қатысты тың дерек шықты

admin