Жастарға құқықтық тәлім –тәрбие беру бүгінгі күннің басты талабы
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім –тәрбие беру бағытында Созақ ауданында өткен бұл жиын 250 адамды қамтыды.
Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Әбілдаұлы мен полиция бөлімінің басшысы Жасұлан Қаржаубайұлы сөз алып, жасөспірімдердің қылмыстары арасында қатыгездік пен зорлық – зомбылық әдетті іске айналып, жасөспірімдер зорлық-зомбылықты шегінен асырып жасайтындығын және жасөспірімдер қылмыс жасау барысында келеңсіз жағдай бола қалса адам өлтіру, ауыр дене жарақатын, қарақшылық жасауға дейін баратындығын айтып, бұл қылмыстық алдын алу жолдарын айтып, оны болдырмауға шақырды. Сонымен қатар жиналысқа қатысушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.
Жиын соңында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алмас үшін біршама атқарылатын қызметтер жайлы ұсыныстар енгізілді. Олар: мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек. Жастар арасындағы қылмыс – қоғам ауруы, оны емдеу қажет және алдын алу шараларын қолдану керектігі айтылды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі