Жастарға қолжетімді бағадағы баспана беріліп жатыр
Шымкентте 29 жасқа томаған жастарды баспанамен қамту мәселесі жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, жыл басынан бері жастарға Бозарық шағын ауданында 360 пәтер табысталған. Бұл пәтерлер сатып алу құқығынсыз 5 жылға қолжетімді бағада беріледі.
2 айдың ішінде үйлі болған Сұлтановтар отбасы бұл бағдарламаға былтыр желтоқсанда өтінім бергенбіз дейді. Енді олар сатып алу құқығынсыз мемлекет ұсынған пәтерде 5 жыл бойы өмір сүреді. Қазір баспана иесі үй ақысын нарықтағы бағаға қарағанда бірнеше есе төмен төлейді. Яғни, 3 бөлмелі баспанаға ай сайын 16500 теңге береміз дейді, Зүбайда Орынбай.
Зүбайда Орынбай, Шымкент қаласының тұрғыны: «Айына осы үйге 3 бөлмеге 16500 теңге төлейміз. Әлеуметтік желіден білдік. Инстаграм парақшасынан, күйеуіме айттым тапсырып көрейік деп, декабрьдің 2-5 аралығы болады деді. Сосын тапсырдық. Ең бірінші 29 жасқа толмаған болу керекпіз екеуміз, Шымкент қаласында 2 жыл тіркеуі болу керек деді. Сосын жұмыс орнынан анықтама және 6 айлық табысын сұрайды».
Бұл бағдарлама бойынша азаматтарға пәтер отбасы мүшелерінің санына қарай беріледі. Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында бағдарламаларға өтінімдер қабылдау басталған. 2020 жылы 904 пәтер қолданысқа табысталса, 2021 жылы 300 пәтер берілген. Ал биыл жыл басында Бозарық шағын ауданында осы бағдарлама бойынша 360 пәтер кілті беріліп, жастар қоныс тойын тойлады.
Оспан Әбиев, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары
«Біздегі барлық бағдарламаларды өзіміздің сайтымыздан көрсеңіз болады,инстаграм парақшасынан одан бөлек, отбасы банктың несиелік бағдарламалры бойынша несиелік сайты арқылы, Бақытты отбасы, 5-20-25, солардың сайтынан көрсеңіздер болады».
Мемлекет тарапынан бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, жұмыс істейтін жастарды қолдау болып табылады. Айта кетейік, қазір қала бойынша 50 мыңға жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр.