Жастарға арналған форум қылмыстың алдын алуға арналды

Түлкібас ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» атты форумдық кездесу өтті.

Аталған форумға Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, прокурордың кіші әділет кеңшісі Қанат Медетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сауранбек Таңатбаев, полиция майоры Бекарыс Султанов, ауыл тұрғындары, жеке құрам қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Полиция бастығы Бекарыс Султанов кіріспе сөзбен ашып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы туралы, жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға, студенттерге қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар болашақ ұрпақтың әл-ауқатына төнетін қатер оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы деген пікірін алға тартып, осы мақсатта жүйелі жұмыс атқарылып жатқанын айтты.

Шара соңында студенттер пайдалы құқықтық ақпарат алып және кері байланыс орнатылып, білім алушылар өз сұрақтарына жауап ала білді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ