Жастардың өзекті мәселесі мен қажеттілігі талқыланды
Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша және жастарға арналған жобаларды іске асыру мақсатында арнайы облыстық жұмысшы топ келіп, ауданымыздың жастарына Ленгір қаласы әкімдігінің АКТ залында ақпарат және консультация берді.
Аудан жастарының қатысуымен өткен іс-шараға Түркістан облыстық “Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” басшысының орынбасары Құдайбергенов Тұрар Керімұлы және бірқатар бөлім басшылары мен арнайы сала мамандары қатысты.
Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің басшысы Ескулов Пердебек Сержанұлы жүргізіп отырды. Жұмысшы топ жастармен бірге тақырып аясында өз ойларымен бөлісіп, жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға тұщымды жауап беріп, мәселелердің шешілу жолдары талқыланып, жастардың ұсыныс пікірлері назарға алынды.