Жастар салауатты өмір салтын қолдайды

Сарыағаш қаласы, Тегісшіл, Қызылжар, Жібек жолыауылдық округтері және Көктерек кенті жастарының ұйымдастыруымен Көктеректе көше спорт түрлерінен “Street WorkoutFest” спорттың турнирі өткізілді.

Street Workout- ол еркіндік, кез-келген жерде, кез-келген уақытта  шұғылдануға болатын көше спорты. Бұл спорт түрінің ерекшелігі-әрбір азаматқа Street Workout алаңдарының қол жетімділігінде. Біздің басты мақсатымыз осы спорт түрін аудан жастары арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Жарыс барысы Көктерек кентінен И.Руслан өте қызықты мастеркласс көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Жалпы турнирда 6 үміткер бақтарын сынаса, спорттың гимнастикалық қоссырық түрінен Жібек жолы ауыл жастары 1-орын А. Гусейнов 2-орын Х. Ақбердиев. 3-орын. Көктерек кентінен Ә. Орманов және спорттың кермеге тартыну түрінен: 1-орын Сарыағаш қаласы М. Барат, 2-орын. Жарты төбе а/о Б. Садуахасов, 3-орын Жібек жолы а/о Г. Муратов иеленді. Барлық жіңімпаздарға арнайы дипломдар табысталды.

Іс шараның негізгі мақсаты: жастардың бос-демалыс уақытын тиімді пайдалану, жастарды спортқа баулу, жастар арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстану және жастар арасында ынтымақтастықты арттыру, көше спортын дамыту мақсатында өтті.

ПІКІР ЖАЗУ