Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы семинар өткізді

Кентау қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында референдум бойынша «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрағасы семинар өткізді.

Семинарға кенді шаһардағы 34 референдум комиссиясының төрағалары мен хатшылары, аталмыш қоғамдық ұйымнан байқаушы ретінде ұсынылатын азаматтар қатысты.

Филиал төрағасы Бақытжан Әшірбаев референдум комиссиясы төрағаларының жұмысы, жалпы референдумды заң аясында өткізу мәселесіне терең тоқталды.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға Бақытжан Шәкірұлы заңға сәйкес жан-жақты жауап берді.
#JanaQazaqstan
#Referendum

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛҒАН «1-М-1» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯҒА ТЕХНИКАЛЫҚ СЫНАҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

Түркістан: Шардарада олимпиадалық спорт түрлеріне дайындайтын спорт залдары ашылды

admin

Түлкібас: Рысқұлов ауылдық округінде халыққа есеп беру жиыны өтті

admin