Жастар ашық пікір алмасудың куәсі болды
Сауран аудандық полиция бөлім бастығының бірінші орынбасары Данияр Түймебаев Ораңғай ауылдық окуругінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде полиция полковнигі Сауран ауданы көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген жұмыстар мен профилактикалық іс-шаралар бойынша түсіндіріп, мәлімет беріп өтті.
Сонымен қатар полиция полковнигі үш мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен де кездесті. Өз кезегінде ол жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі 23.00-ден кейін көшеде ата-анасының немесе заңды өкілінің еруінсіз жүруге тыйым салынғаны жайлы және жасөспірімдер арасында кеңінен тараған құқық бұзушылықтың, қылмыстың орын алуы жағынан ақпарат берілді.
Сондай-ақ қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар полицейлерге өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, ашық пікір алмасу орын алды.