Жастар арасында жайдарман сайысы өтті
Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне орай Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Созақ ауданы әкімінің кубогы үшін “ЖАЙДАРМАН” ойыны өтті.
Шараның басты мақсаты – жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың бойында мәдениеттілік, рухани адамгершілік, өнерге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсету.
Тартысты өткен сайысты аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов алғы сөзбен ашып берді. Аталған сайысты Республикалық Жайдарман сайыстарында ойын көрсеткен – Нұрсұлтан Жақсыкен жүргізді.
25 қазан – Республика күніне орай “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Созақ ауданы әкімінің кубогы үшін өткен сайыста 6 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Жайдарман ойынында сценарист, жайдарманшы, «Шымкен Жастар құрамасы» КВН-нің капитан командасы Тағай Нұралиев, Созақ аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жеңісәлі Төлепбергенов, «Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту» бөлімінің әдіскері Ерік Досболов, қазіргі таңда қоғам белсендісі, блогер Олжас Мамыр, Созақ ауданы аппаратының кадр бөлімінің маманы Ерұлан Байменов қазылық етіп, ойыншыларға әділ бағаларын берді.
Белсенді, жалынды жастардың қызыққа толы ойындары нәтижиесінде:
-Төлеби ауданы — «ТӨЛЕ БИ» құрамасы (Түркістан облысы) командасы бас жүлде;
-Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті — «ДОСТЫҚ» (Шымкент қаласы) командасы І орынға;
-Жергілікті команда, Созақ ауданы — «СОЗАҚ БАЙ» командасы ІІ орынға;
– Халықаралық Қазақ-Түрік университеті — «ХҚТУ» құрамасы (Түркістан қаласы) ІІІ орынға ие болып, Еркін құрама — «Джеки шаңырақ» (Шымкент қаласы) командасының ойыншысы Мейіржан “Үздік ойыншы” номинациясымен мрапатталды. Жүлделі орыннан көрінген командаларға қомақты сый-сияпаттар табысталды.
Шынайы күлкіге толы, тартысты және көңілді өткен Жайдарман сайысын тамашалау ақылы түрде болды. Билеттен жиналған қаржы қайрымдылық шарасына жұмсалады.