Жастар арасындағы қылмыстық алдын алу заң аясында жүргізіледі
Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділбек Сапарбековтің тапсырмасымен полиция бөлімінің қызметкерлері Алпамыс және Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектептерінде құқық бұзушылықтың, жол көлік оқиғаларының алдын алу және зорлық-зомбылық, нашақорлық пен лудомания, буллинг,кибербулинг бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық-саяси ахуалдың сараланған мәжілісінде, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстардың сапасы мен тиімділігі жөнінде бірқатар маңызды мәселелер де көтерілді.
Жиын соңында қоғамдық орындарда қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екендігі сөз етілді. Аталған мәселелер бойынша мекеме басшыларымен бірлесе отырып, заң аясында тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі