Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу бәйдібекте өтті
Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында кездесу өтті. Шараға аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрдаулет Ажибеков және полиция бөлімінің қызеткерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Жиынында полиция полковнигі Нұрдаулет Камирұлы баяндама жасап, онда халық арасындағы тыныштықты сақтау және қауіпсіздікті тұрақтандыру мақсатында, елімізде орын алып отырған резонанстық жағдайларға тоқталды. Сонымен қатар аудан тұрғындарын әлеуметтік желілерде арандатушылармен таратылып жатқан жалған мәліметтерге сенбей, ҚР ІІМ-нің нақты сайттары арқылы берілетін мәліметтерге сүйене отырып қабылдауды сұранды.
Кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары арасынан жарыс сөзге шыққан ауыл биі және ауыл әкімшілігінің ардагерлер кеңесінің төрағасы өз ойларын жеткізіп, жастарға халықтар арасындағы бірлігі мен ынтымағы жарасқан Бәйдібек ауданы аумағында келеңсіз жағдайларға жол берілмей, тұрғындар арасында ауызбірлігі сақталған жағдайда еліміздің дамитынын айтып өтті.
Ауданның бас полицейі кездесуге қатысушыларға алғысын айтып, отырыста аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен өмір сапасын жақсарту мақсатындағы, тұрғындар арасында көптеп кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, бірлесіп шешуге шақырды және аудан тұрғындарына сұрақтары мен арыз шағымдары болған жағдайда, аудандық полиция бөліміне барып, жазбаша түрде тапсыруға болатындығын және олардың заңды шешім қабылдануын жеке өзінің бақылауына алатынын ескертіп, кездесуді қорытындылады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі