Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі талқыланды
Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы Алмас Серікбаевтың ұйымдастыруымен аудан жастарымен кездесу өтті. Соңғы уақытта елімізде белең алып отырған оқиғаларға орай туындап отырған бұл кездесудің маңыздылығы осы жиында айтылып, прокурор Руслан Абдраимов пен әкім орынбасары Нұрсұлтан Медеуовтің баяндамасына ұласты.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Баяндамаларды тыңдай келе жиынға қатысқан аудан ардагерлері мен аудандық аналар кеңесінің мүшелері және ата-аналар аталған мәселе бойынша сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар бала тәрбиесінде мектептегі мұғалімдерден бөлек , ата-аналардың да рөлі жоғары, сол себептен, бала құқықтарының сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндетіміз екендігін айта кетті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі