Жартытөбе, Құмкент ауыл округінде тұрғындарымен кездесу өтт
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков белгілінген кестеге сай Жартытөбе, Құмкент ауыл округінде іс сапармен барып, тұрғындармен кездесті. Аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Түркістан облысына жасаған сапарына тоқталып, оның өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, Астана қаласынан бастау алған «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесінде облыс намысын Созақтың шабандоздары қорғап отырғанын баяндады. Жартытөбе ауылы тұрғындары, ауыл іргесін алып жатқан суармалы жерлердің салдарынан шаруаларға жайылымдық жер мәселесі қолайсыздық тудырып отырғанын жеткізді. Мұнан бөлек, электр жарығының төмендігін де сөз етті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аталған мәселелерді шешу үшін тиісті бөлімге тапсырма жүктеді. Жартытөбе елді мекенінде бір көшеге асфальт төсеу жұмысы жүргізілетінін және тұрғындардың сұранысы бойынша ауылдық аурухананың жөндеу жұмысытары толығымен аяқталғанын атап өтті. Сондай-ақ, Аққолтық елді мекеніндегі мәдениет үйінің құрылысы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетінін айтты.
Тұрғындар алдындағы есептік жиын Құмкент ауыл округінде жалғасты. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынын қойылған бірнеше өзекті мәселелерге жауап берді. Алдыңғы жиында көтерілген өзекті мәселенің бірі болған жедел-жәрдем көлігі халық игілігіне берілді. Ауылдық аурухананың жұмысына, аудандық орталық аурухана бас дәрігері Бақытжан Мырзагелдиевке бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар алдағы уақытта Мұхтар Әуезов атындағы білім ордасына шеберхана салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын ескертті. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан жайылымдық жер, ауыз су мәселесі мен жарықтандыру мәселесі туралы сауалдар қойылды. Аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы тұрғындар қойған сауалға жауап беріп, тиісті бөлім, мекеме басшылары мен ауыл округ әкімі Ғани Пәрдебекұлына тапсырма берді.
-Аудан деңгейінде шешілетін мәселені аяғына дейін жеткіземіз. Ауқымды ұсыныстарды тиісті жерге мәселе етіп көтереміз,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.