Жаңа жылдық дастарханға қанша теңге жұмсайсыз?

 Жаңа жылға санаулы уақыт қалды. Жұртшылық отбасылық мерекеде мол дастархан жайып, қонақ күтуде дайындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл күндері сауда орындарының жұмысы ерекше қызады. Азық-түлік пен көкөністер, түрлі сыйлықтар мен шырша ойыншықтарын алатын халықтың қарасы көбейеді. Жаңа жылдағы дастарханды «оливье» салаты мен мандаринсіз елестету мүмкін емес. Әуелі салаттың шығу тарихына тоқталайық.

Оливье салаты – көптеген елде Жаңа жыл мерекесінің символына айналған танымал тағам. Бұл салат XIX ғасырдың ортасында Мәскеуде өмір сүрген француз аспазы Люсьен Оливьенің құрметіне аталған. Ол Hermitage мейрамханасында аспаз болып, өзінің ерекше “майонез қосылған салатын” жасаған. Бастапқы рецепті өте қымбат болған. Алғашқы рецептке қара уылдырық, қаз еті, соя тұздығы (қымбат тұздық), картоп, жұмыртқа, маринадталған қияр және арнайы майонез кірген. Сол уақытта бұл салат тек бай қонақтарға арналады. Уақыт өте келе бұл салаттың қоспалары өзгере бастайды. Қазір «Оливье» салатына шұжық немесе ет, картоп, сәбіз, бұршақ және майонез кіреді. Осы орайда «Астаналық базарда» салатты дайындауға арналған өнімдердің бағасын біліп қайтқан едік.

Картоп 1 кг – 220 тг

Сәбіз 1 кг – 180-200 тг

Бұршақ – 490 тг

Майонез – 780 тг

Жұмыртқа – 1500-2000 тг.

Шұжықтың түріне байланысты әртүрлі баға белгіленген. Орташы бағасы 1500-1800 тг аралығында. Сатушылармен тілдескенімізде жаңа жыл қарсаңында ең көп сатылатын жеміс түрлері де бар екен. Олардың қатарында мандарин, алма, банан бар.

Қазір әркім жағдайына қарай әртүрлі жеміс-жидектерді сатып алады. Хит болып жатқан шайн мускат жүзімін алып жатқандар да бар. Манго алады. Ең көбі сол мандирин ғой, -дейді саудагер. Мандарин – жаңа жыл мерекесінің дәмді символдарының бірі. Мандарин Қытай мен Вьетнамнан шыққан. Қытайлық жаңа жылда символикалық мағынасы бар мандарин байлық пен сәттіліктің символы саналады. Мандариннің астаналық базардағы бағасы 1300 теңге. Банан – 900 тг, манго – 1800 тг, құрма – 1200 тг.

Бұл күндері дүкен сөрелері түрлі мерекелік сыйлықтарға лық толы болады. Алған сыйлығын безендіріп, барын салады. Арнайы қорапшалардың да бағасы әртүрлі. Ал оны әдемі қатты қағазбен орау 1500 тг-ден басталып 3500-4000 тг дейін жалғасады. Ол да сыйлығыңыздың көлемі мен таңдаған қағазыңызға байланысты болмақ.

Негізінен жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алу қараша айында басталып кетті. Әр сыйлықты орауға 10 минут уақыт кетеді. Көңілдерінен шығатындай орап беруге тырысамыз. Жаңа жылда жұмысымыз 2 есе көбейеді,-дейді сатушы.

ПІКІР ЖАЗУ