Бақытжан Бейсембаев Сауран ауданы, Жүйнек ауылының тұрғындарымен жүздесті
Түркістан облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Сауран ауданы, Жүйнек ауылының тұрғындарымен жүздесті.
Бақытжан Жармаханұлы Республикалық референдумда қаралатын мәселе – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы атап өтті.
Спикер «А.Югнаки» атындағы жалпы орта мектебінің ұжымымен де кездесу өткізіп, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды.
Тұрғындар мен мектеп ұжымы өз тараптарынан еліміздің Ата заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді.