Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

Жамбыл: желілік кампусты іске қосты

«Қос дипломды» білім беру бағдарламасы аясында Ресейде бір жыл білім алуға мүмкіндік алған жамбылдық жастар Мәскеу қаласына барды. Жаңа оқу жылынан бастап Дулати университеті, Менделеев университеті және «Қазфосфат» ЖШС бірлесіп, желілік кампусты іске қосты.

Желілік білім беру бағдарламасымен оқу үшін Менделеев университетіне барған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенттерін ресейлік оқу орнының басшылығы жатақханаға тегін орналастырды. Студенттер жыл бойы «Бейорганикалық заттар технологиясы» білім беру бағдарламасының бейіндік пәндерінің циклін зерттейді.

Мәскеуге барған студенттер білім беру бағдарламасының арнайы пәндерін игеруі тиіс және РХТУ-дің химия зертханаларында тәжірибелік зерттеулер жүргізеді. Түпкі мақсат – Қазақстанның химия өнеркәсібі кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.

Сәйкес жаңалықтар

Владельцам шести сгоревших квартир в Уральске выплатили по 145 тысяч тенге

admin

Қаладағы құрылыс көлемі қазіргі уақытта 109,4 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2% есеге артты

admin

Төлеби жастары жеңіспен оралды

admin