Жамбыл: студент жастар сенбілікке шықты

Өздеріңізге белгілі, әр жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасында Еңбек күні атап өтіледі. Студенттер арасында жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету дәстүрлерін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну, студенттерді еңбекке баулу, Ш.Мұртаза атындағы көшенің тазалығына мән беріп, оны таза ұстау, қала тазалығына мән беру, 28 қыркүйек –  Шерхан Мұртазаның туған күніне орай 300-ге жуық Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының жалындаған жастары сенбілікке шықты.

Қаламыздағы орталық көшелердің бірі – Жамбыл даңғылынан бастап, Абай көшесіне дейінгі аралықта арықтарды тазалау, қоқыстарды сыпыру, сынған ағаштарды, жапырақтарды, қураған шөптерді тырмалап тазалау жұмыстары жүргізілді.

Ш.Мұртаза көшесінің тұрғындары ХТИИ басшылығы мен студент жастарға өз кезегінде алғыстарын білдіріп, бұрын соңды мұндай шаралар болмағанын, алдағы уақытта өздері де тазалыққа мән беріп, көшені таза ұстауға әрекет ететіндіктерін айтты.

Алдағы екі ай уақыт аралығында студент жастар осындай сенбіліктерді ұйымдастырып, қала көркіне өз үлестерін қоспақ.

ПІКІР ЖАЗУ