Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Жамбыл облысының полицейлері 7 келіге жуық есірткі тәркіледі

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 6,8 келі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жедел-ақпараттық жұмыстарды жүргізу барысында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының аумағында орман шаруашылығының құмды аймағында Тараз қаласының 29 және 30 жастағы тұрғындары болған Volkswagen автокөлігін тоқтатты. 

Автокөліктің артқы орындықтарын тексерген кезде иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 6,8 келі болатын кептірілмеген марихуана болып шықты. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. Олар Меркі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлімі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапта 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сәйкес жаңалықтар

Газ құбырларындағы ақаулар шұғыл қалпына келтірілуде

admin

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ 9 ДҮҢГІРШЕК СҮРІЛДІ

admin

Созақ ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

admin